Іздеу

Аңыз, әңгімелер

XVIII ғасырдағы батырлар туралы тарихи әңгімелер

Абылай хан жоңғарларға қарсы бір жорықта алдын барлау үшін, мың адамды екіге бөліп, бір тобын Қарабұжыр Қанжығалы Жанатайға, екіншісін сол рудан шыққан ақсақал Бөгенбайға бастатып, ілгері жіберіпті. Екеуі де ханның ержүрек, сенімді батырлары екен. Батырлар ұзақ уақыт бойы орала қоймаған соң, Абылай уайымдап, өзінің көріпкел жырауы Бұқардан: "Менің жігіттеріме не болды екен, оралмауына не себеп?" — деп сұрапты. Сонда Бұқар айтыпты: "Жанатай Талқы арқылы барады, ал Бөгенбай Құлжан батыр секілді қиыннан жол тауып өтеді. Ал енді Хан-Баба болса, көп ұзамай қайтып келер. Талқының асуы қысыңқы әрі қауіпті" — депті. Абылай ішінен Жанатайдың зор қауіпке душар болғанын сезді. Жырау сөзін жалғастырып: "Жанатай бұзып-жарып өтіп, ұлысын олжалайды. Жанатай әкелген аққұба қызды Абылай сұлтан алады" — дейді. Абылайдың айтуынша, сол жолғы болжалдың орындалуынан соң, төбесі көкке жеткендей зор қуанышқа бөленсе керек...…

XVIII ғасырдағы батырлар туралы тарихи әңгімелер

Абылай бірде халықты жинап, ұнамсыз ісі үшін ұлы жүздің биі Ерден батырдың ауылын шауып алуға жарлық беріпті. Ханның қаһарға мінгені сондай, бұл жолы оның қасына ешкім де маңайлай алмаса керек. Сондай жиналған халықтың сұрауымен Бұқар жырау ханға келіп бұлайша жыр толғаған екен: "Әй, Абыйлай, Абыйлай! Сенің даңқың Арсы мен Күрсіге жетіп, таумен таласты. Босатқан құлдарың бес қақпаға сыймайды. Алатаудан асыңыз, ашуыңызды басыңыз, сонда алашапанды Ерден құлыңыздың мал-мүлкі сексен сандық болып алдыңызға келмей ме?" — деген екен.…

Абылай хан

Абылай хан соңғы соғыстарының бірінде көп қолмен Қалба тауына келгенде, елдің етекке түскен шағы екен. Торғауыттың Тарбағатайдың солтүстігі — Ласты-Шорға бойында, қалмақ руларының Тарбағатайдың оңтүстігі — Үржар, Еміл бойында отырғанынан хабар алыпты. Қай шеттен тиіп, қай жақтан шабу керек деп игі жақсыларымен кеңес құрғанда, әскер басылардан Қабанбай мен Бөгенбай екеуі екі түрлі пікір айтыпты. Бөгенбай: "Тарбағатайды асып барып, Үржар, Еміл бойындағы қалмақты шабамыз. Ласты-Шорғадағы торғауыт елдің шеті, біз жақ беті болғандықтан, аты дайын, адамы сай, сергек отырған ел. Біздің аттағанымызды біліп, етекке ерте түсіп отырған Торғауытты шабамыз деп әскерді шығындатамыз, жағдайдан ұттырамыз, атыстағы ел бейғам болады. Аңдаусызда барып бассақ қарсыласуға мұршасы келмей қалады, олжалы болып қайтамыз" — дейді. Қабанбай: "Олай емес, жақын жердегі Ласты-Шорғаға барамыз, ондағы елді аламыз. Алысқа аттансақ, ат ариды, азық таусылады, ғаскер шаршайды. Егер торғауыт аттанған ізімізді біліп қалса, ілгергі елге хабар беріп, өздері артымыздан тосады, ортада қалып шығынданамыз" — дейді.…

Абылай хан заманында

Қаржас Қалқаман батырдың баласы Бұқар жырау деген қария болған екен. Заманындағы сыншылар ол кісіні "көмекей әулие" дейді екен. Көмекейі бүлкілдеп сөйлейді де отырады екен. Қара сөз жоқ, аузынан шыққан сөзінің бәрі жырлауменен шығады екен. Сол Бұқарекең Абылай ханға айтқан екен: "Сенен бұрын жеті ханды жебеледім, кеше Еңсегей бойлы Ер Есім ханға да жолдас болдым. Сен оның түстігіне де жарамайсың" — деп. Абылай хан бір жаққа аттанарда Бұқарекеңді алдырып, айдың, күннің сәтін сұрайды екен. Сонда Бұқарекең: "Сарыбура келіп, сенің туыңның түбінде тұрып пәлен жаққа қарай шабынды" — дейді екен. Сол айтқан жағына бет алып аттанса, шауып, жаншып алып келеді екен. Егер Сары бура келіп туыңның түбінде шөгіп, мойнын салып жатып алды" — десе, аттанбайды екен. Ол заманда Сарыарқада орыс деген жұрттан нышан жоқ екен. Абылай ханға сәлемдеме беріп: "Өзіңе қараған жұртты бізге жау қылма" — деп сыйлап тұрады екен. Олай-бұлай жүрген саудагерлері Абылайға тарту-таралғы беріп, ешкім тимеске хат алып кетеді екен.…

Фотомұрағат

Асыл тегі