Іздеу

Асыл мұра

  • Ай, Абылай, Абылай

  • Күллі әлемді қаратқан

  • Абылай ханның асында

  • Ақсамнан биік тау болмас

  • Кәрілік шіркін не қылмас

  • Арту-арту бел келсе

  • Балалық он жасыңыз

  • Мінген атың арыса

  • Өлең — сөздің данасы

  • Алтын, күміс байда бар

  • Қалмаса қайнар азайып

  • Жар басына қөнбаңыз

  • Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек

  • Көктен бұлт сөгілсе

  • Жарандарым, қойсаң дес

  • Ақтың үйі Мешінде

  • Қалданменен ұрысып

  • Асқар ата іспетті

  • Ханға жауап айтпасам

  • Күпшек санды күренді

  • Бұқарекең біз келдік

  • Әкелі бала жаужүрек

  • Ханымыз отыр аһ ұрып

  • Қарт белдерім үзіліп

Ай, Абылай, Абылай

1

Ай, Абылай, Абылай,
Жеңбеген жауың қалмады-ау,
Алмаған жерін аз қалды-ау.
Бетке алсаң әсте коймадың,
Алсаң тағы тоймадың,
Несібеңді елден ойладың.
Атаңды білмес кұл едің,
Ата-тегіңді сұраса,
Арқар ұранды жат едің,
Қай жеріңде төре едің?!
Жұлдызың туды оңыңнан,
Жан біткен ерді соңыңнан.
Он сан Алаш баласын
Жусатып қойдай өргіздін,
Жұмсап жүрсің қолыңнан.
Ай, Абылай, Абылай,
Он бір ғана жасында,
Әшейін-ақ ұл едін.
Он бес жаска келгенде,
Әбілмәмбет төренің
Арқада жүріп қанғырып,
Түйесін баққан құл едің.
Абылай атың жоқ еді-ау,
"Сабалақ" атпен жүр едің.
Оны да көрген жерім бар,
 
2

Жаныс Қарабайдың колында,
Түнде туған ұл едің.
Жиырма беске келгенде,
Бакыт қонды басыңа,
Тақыт келді астыңа.
Отызға әбден келгенде,
Кең дүниеге кенелдің.
Отыз беске келгенде,
Қара судын бетінде
Соқтығып аққан сең едің.
Қырык жасқа келгенде,
Алтын тонға жең болдың.
Қырык беске келгенде,
Жақсы-жаман демедін.
Елу жасқа келгенде,
Үш жүздің бар баласын
Бастап өзің келдің де,
Аттарының бастарын
Бір кезеңге тіредің.
Алпыс жасқа келгенде,
Жақсы болсаң толарсың,
Жаман болсаң маужырап,
Жүнжіп барып соларсың.
Алпыс беске келгенде,
Әрбір атқа қонарсың.
 
3

Жұмсасаң балаң тіл алмай,
Қатының қарсы шабар ұялмай,
Көрген күнің сор болар.
Жетпіс жасқа келгенде,
Жаңьглып сөзден қаларсың.
Жетпіс толған жел екен,
Шала ауырғанмен тең екен.
Жетпіс беске келгенде,
Жылуы болмас қойныңның,
Қауқары болмас сойылыңның,
Сслкілдеп тірі жүрерсің.
Қатардан шығып аулақтап,
Жан құлазып қаларсың.
Сақал-шашың желкілдеп,
Мүжіліп әбден боларсың.
Әудем жерге жүрс алмай,
Бірсуге жүк боларсың.
Өлмесең де жойылдың,
Ар-аттаққа койылдың.
Сексен деген сор скен,
Шындап ұрған пір екен.
Сексен бес жаска келгенде,
Екі қара көзіңді алар,
Аузындағы сөзіңді алар,
Бойыңдағы әліңді алар,

 
4

Бетіңдегі нұрыңды алар,
Тәніңдегі шырынды алар,
Саудыратып тісінді алар,
Өлмегенде не калар?!
Тоқсан бес деген тор екен,
Дүйім жанның қоры екен.
Қарғиын десең ұмтылып,
Екі жағың ор екен.
Найза бойы жар екен,
Түсіп кетсең түбіне
Түпсіз терең көл екен,
Елсіз жатқан шөл екен,
Келмейтұғын неме екен.

 

 

 

 

 

 

 

 
 

Күллі әлемді қаратқан

1
Күллі әлемді қаратқан,
Ең алдымен Алланы айт.
Бойыңа жан таратқан
Аты жақсы Тәңірді айт.
Төрт шәдияр Мұстафа
Кітап ашқан ғалымды айт.
Мұхамметтің аяты,
Алла сөзі құранды айт.
Пайғамбардың сүндеті
Бес уақытқы намазды айт.
Тәңірім салса аузыңа
Жан жолдасың иманды айт.
Жамандыққа жақсылық
Еткен таза арынды айт.
Қара қылды қақ жарған
Наушәруандай әділді айт.
Арзы менен күрзіні айт,
Лауқа менен каламды айт.
Құдіретімен жаралған,
Он сегіз мың ғаламды айт.
Ақтан сия танытқан,
Дәуіт пенен қаламды айт.
Сөйлеу үшін жаратқан,
Сөз анасы сәлемді айт.
Тірліктегі сыйласқан,
Ата менен анаңды айт.
 
2

Адам үшін жарасқан,
Қызықты нәубет балаңды айт.
Өлгеннен соң жер жұтқан,
Қараң қалар денеңді айт.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

Абылай ханның асында

1
Абылай ханның асында,
Бұқарекең жырлайды.
Жырлағанда не дейді,
Соғыспа деп жырлайды!
Зарын қосып жырлайды,
Соғыспа деп жырлайды,
Бұқар деген кәріңіз!
Соғыспен кетер сәніңіз,
Жауластық жолды сүймеңіз.
Мынау жалған сұм дүние
Өтпейді менен демеңіз.
Сырдарияның суынан
Кесіп әрі өтіңіз.
Үш жыл малды тусытып,
Жиделібайсын жетіңіз.
Шұрайлы жердің ұ й ы ғ ы , —
Адамы жүзге келмей өлмеген,
Малы екі рет төлдеген,
Ел-жұртыңнын камы үшін,
Солай таман кетіңіз.
Менің жасым тоқсан үш,
Мұнан былай сөйлеуім
Маған болар әлі күш.
Өліп қалатын тай үшін,
Иен қалатын сай үшін,
 
2

Қылмандар жанжал, ерегес.
Егер тілімді алмасан,
Ай, Абылай, Абылай,
Сені мен алғаш көргенде,
Тұрымтайдай ұл едін.
Түркістанда жүр едің,
Әбілмәмбет төренің
Қызметінде тұр едің.
Қалтылдап жүріп күнелткен,
Үйсіндегі Төле бидің
Түйесін баққан құл едің.
Сен жиырма беске келген соң,
Бақ қонды да басыңа,
Алтын тақтың үстінде
Ак сұңқардай түледің.
Дәулет бітіп басыңа,
Қызыр келді қасыңа,
Бейішке нақ түнедің.
Алыстан тоят тіледің,
Қылышыңды тасқа біледіңі
Алмасаң жауыңды қоймадың,
Алсаң да әсте тоймадың,
Ырыздықты елден ойладың.
Уа, сен қанжығалы Бөгенбай,
Тоқымы кеппес ұры едің.
 
3

Түн жастанып жүр едің,
Қабанбайдан бұрын найзаңды
Қашан жауға тіредің?
Абылай-ау, Абылай,
Момынға келіп бек болдың,
Атаңды ұқпас ұл едің.
Қарсы менен құзарда
Жалаңаяқ жүр едің.
Жалаңаяқ жар кешкен,
Бөз тоқыған сарт едің.
Ата тегіңді сұраса,
Арқар ұранды жат едің,
Қай түріңмен төре едің?
Шешеңді және сұраса,
Қай алтынның буы едің?
Оны да мен білуші ем,
Түрікпеннің жерінде,
Қашып жүріп күнелткен
Мәскенің қара күңі едің.
Жұлдызың туды оңыңнан,
Жан біткен ерді соңыңнан,
Ақ жол тапты күніңіз.
Арсы менен күрзіге
Тайталасты үніңіз.
Өзің болған күніңде.
 
4

Жер-жиһанға сыймады,
Азат болған құлыңыз.
Ашуланба, Абылай,
Ашулансаң, Абылай,
Көтерермін, көнермін,
Көтеріп қазыға салармын.
Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жарылма,
Басына мұнша көтерген
Еліңе жаулық сағынба!
Күнінде мендей жырлайтын,
Мініңді айтып сынайтын,
Тоқсан үштегі қария
Ендігәрі саған табылмас!

 

 

 

 

 


 
 

Ақсамнан биік тау болмас

1
Ақсамнан биік тау болмас,
Баурында қащқан күзен көрінбес.
Ертістеп үлкен су болмас,
Аққанда беті білінбес.
Қарағайдан артық ну болмас,
Ішінен аспаны көрінбес.
Ақшам батпай күн шықпас,
Ажал жетпей жан шықпас.
Ақ таң атпай күн шықпас,
Асыққанмен жаз келмес.
Етекті кессең жең болмас,
Ежелгі жау ел болмас.
Қара қойдын терісін
Сабындап жусан ағармас.
Жалған көңіл табылмас,
Қараторғай қаз болмас.
Шағала келмей жаз болмас,
Шаңқан болмай боз болмас.
Іштен қыңыр туғанды
Тезге салсаң түзелмес.
Қанша бағып-қақсаң да,
Өзіңнен тумай ұл болмас.
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.
Дос болғанмен хош болмас.
Екі жақсы дос болса,
Дос болса түбі бос болмас.
 
 

Кәрілік шіркін не қылмас

1
Кәрілік шіркін не қылмас,
Аяғың қалар басылмай.
Қолыңа таяқ ұстатар,
Бүгілер белің жазылмай.
Келіндерің келгенде,
Аузың қалар ашылмай.
Уақыттың ісі қиын-ақ,
Кәрілік әбден жеткен соң,
Айтып-айтпай не керек,
Мезгіліміз жеткен соң.
Кеудедегі жалын-өрт
Су құйылып өшкен соң.
Жастық дәурен, жалын мәрт
Басымыздан көшкен соң.
Айтуға бәрін әлім жоқ,
Уақытым менің өткен соң.
Кәрілік шіркін не қылмас,
Мезгіліміз жеткен соң.
Қатты тағам шайнарға
Мен пақырда тіс бар ма?
Арыстан ем айбарлы,
Бұл күнде қауқар, күш бар ма?
Кәрілік шіркін не қылмас
Мезгіліміз жеткен соң.

 

 
 

Арту-арту бел келсе

1
Арту-арту бел келсе,
Атан ерлер бүгіліп.
Алыстан қара, шаң көрсе,
Тұлпар шабар тігіліп.
Ел шетіне жау келсе,
Ерлер шығар түрініп.
Ел ішіне дау келсе,
Шешен сөйлер жүгініп.
Тентекпен ел бүлінсе,
Билер шешер жүгінтіп.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

Балалық он жасыңыз

1
Балалық он жасыңыз,
Балғын өскен құрақтай.
Жиырма деген жасыңыз,
Ағып жатқан бұлақтай.
Отыз деген жасыңыз,
Жарда ойнаған лақтай.
Қырық деген жасыңыз,
Ерттеулі тұрған құр аттай.
Елу дегён жасыңыз,
Ол да бір үлкен бел екен.
Алпыс деген жасыңыз,
Қайғы, мұңды шөл екен.
Жетпіс деген жасыңыз,
Жетім қалған күн екен.
Сексен деген жасыңыз,
Қараңғы түман түн екен.
Тоқсан деген жасыңыз,
Ажалға таяу ман екен.

 

 

 

 

 
 

Мінген атың арыса

1
Мінген атың арыса,
Көз көрім жер мұң болар.
Қара көзден нұр тайса,
Бір көруің зар болар.
Жаман сайға су түссе,
Өткел бермес өтуге.
Қайырымсызға мал бітсе,
Сусын бермес ешкімге.
Жаман болса алғаның,
Күнің қараң кешерде.
Қымбатты есіл бір басың
Еңкейіп кетер кеселге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

Өлең — сөздің данасы

1
Өлең — сөздің данасы,
Шындықтың шырақ анасы.
Жаныңның жайлы панасы,
Ойыңның өткір санасы.
Шын жолында сөйлесең,
Басыңа келер пәлесі.
Сонда да басыңды име сен,
Жазылар өлең жарасы.
Шығаннан шығар шыққанның,
Жабылар саған жаласы.
Ондайдың сөзін тыңдасаң,
Ескі даудың шаласы.
Өтірікті шын қылған
Күндестіктің хәласы.
Ақылыңа көнбейтін
Арам ойы шарасы.
Айтқаныңа жүрмейтін
Көңіліңе бүккен аласы.
Өлең ойлап есіме
Түседі қазақ данасы.
Ауыл маңын мал жесе,
Ауыл сәнін кетірер.
Елдің ішін дау жесе,
Елдің сәнін кетірер.
Көрші аралас өтпесе,
 
2

Көңілдің көркін кетірер.
Абысын тату өтпесе,
Ағайын сәнін кетірер.
Ағайын тату өтпесе,
Ұлыстың сәнін кетірер.
Бірін бірі кешпесе,
Ең соңында өштсеіп,
Қарайып қаны кектесіп,
Бірін бірі өлтірер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

 

 

 

 

 

Алтын, күміс байда бар

1
Алтын, күміс байда бар,
Сақтаған орап бүлдемен.
Қ ұ й р ы ғ ы бітеу койда бар,
Қысы, жазы борланған.
Жүйрік жарау атта бар,
Бәйгені жылда қоймаған.
Қиыла қарап жымиған,
Бұралған бикеш тағы бар,
Назына жаның тоймаған.
Өмірдің сырлы жағы бар,
Ойынды бөліп қоймаған.
Адамзаттың бағы бар,
Тірлігінде тойлаған.
Өлеңде менің хақым бар,
Қанағат қылмай ойлаған.
Ойланындар, жарандар,
Сөзіме бір толғанған.
Бұл күнімде орным тар,
Елім үшін тарманған.
Шөлде суға болдым зар,
Түтегім түтеп зарланғам.
Бұл тірліктен алдым зар,
Жаным түңіліп жалғаннан.
Ажалдан кім қалған бар,
Өтті күнім қарманған.
 
 

Қалмаса қайнар азайып

1
Қалмаса қайнар азайып,
Аққан дария суалмас.
Қалмақтан алдың бір зайып,
Сүйегіңді жоғалтпас.
Абылайымсың алқатқан,
Отының болсын жантақтан.
Қатының болсын қалмақтан,
Қосының болсын қазақтан,
Сегіз қиыр шартарап,
Төрт құбылаң түгел боп,
Төріңде отыр, салмақтан.
Он екі айда жаз келер,
Көктемеде қаз келер.
Айтып-айтпай не керек,
Дәуреніңіз аз келер.
Сондай заман жеткенде,
Шаңырағың к ұ л болар.
Еліңе қауіп төнгенде,
Ата ұрпағың құл болар.
Қараларың қас болар,
Қаскөйлерің бас болар.
Орыстар келер ғалым боп,
Әулиедей көрінер.
Боптары болар сазандай,
Кітабы болар қазандай...
 
2

Ақыретқе барғанда,
Ақсүйекті қор тұтқан,
Қараны одан зор тұтқан,
Орыстарды пір тұтқан,
Сорлы болған қазағым,
Тартарсың солардан жазаңды-ай!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

Жар басына қөнбаңыз

1
Жар басына қөнбаңыз,
Дауыл соқса үй кетер.
Жатқа тізгін бермеңіз,
Жазасынан бас кетер.
Жаманмен жолдас болмаңыз,
Көрінгенге күлкі етер.
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айрылмасқа серт етер.
Ит жүгіртіп, құс салсаң,
Тоныңды түгел түлкі етер.
Шын досыңмен сырлассаң,
Езіліп ерек сыр шертер.
Сыпайыға сыр айтсаң,
Ақырын ғана бүлк етер.

 

 

 

 

 

 

 

 
 

Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек

1
Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек,
Бұл үйректей болыңыз.
Судан суға сүңгімей,
Көлден көлге қоныңыз.
Бай ұлымен бас қосып,
Алшаң басып жүріңіз.
Біліктімен кеңесіп,
Байсалды үйге түсіңіз.
Өсек таңған ат елсін,
Іші күйіп жат өлсін!
Жат бойынан түңіліп,
Арам ойы қоқ болсын.
Бір енеден туғандай,
Ортаңда бірлік тоқ болсын.
Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек
Бұлдырап ұшар жаз күні.
Боз мойынды сұр үйрек
Көлге қонар мәз күні.
Бұралған назды сұлулар
Көл жағалар жаз күні.
Бағылан өскен шоралар
Қыз қыдырар саз күні.
Қымызсыз жиын, той болса,
Қызықты болмас жаз күні.
Қызыл турам ет болса,
Қызғаныш болар аз күнгі.
Мал бергенің болмаса,
Пайдасы болмас аз күні.
 
 

Көктен бұлт сөгілсе

1
Көктен бұлт сөгілсе,
Күркіреп жаумай не пайда?
Қара көзден жас шықса,
Қамықпасаң не пайда?
Дін мұсылман болмаса,
Тіл мұсылман не пайда?
Қызда қылық болмаса,
Құр шырайдан не пайда?
Ерге дәулет бітпесе,
Қызыл тілден не пайда?
Мал араға жүрмесе,
Құр айтқаннан не пайда?
Байға қайыр бітпесе,
Малынан келер не пайда?
Өзіңе еркіндік бермесе,
Азат бастан не пайда?
Шын қуанып күлмесе,
Ыржиюдан не пайда?
Өзге алып еліңді
Билегеннен не пайда?

 

 

 

 
 

Жарандарым, қойсаң дес

1
Жарандарым, қойсаң дес,
Өлеңді өмір тудырған.
Бір кезім бар көп елес,
Көліме із қалдырған.
Дауыл болған жиырма бес,
Далбасамен қаңғытқан.
Батыр болған жиырма бес,
Беті қайтпай танытқан.
Бура болған жиырма бес,
Жар басына қөнбаңыз,
Дауыл соқса үй кетер.
Жатқа тізгін бермеңіз,
Жазасынан бас кетер.
Жаманмен жолдас болмаңыз,
Көрінгенге күлкі етер.
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айрылмасқа серт етер.
Ит жүгіртіп, құс салсаң,
Тоныңды түгел түлкі етер.
Шын досыңмен сырлассаң,
Езіліп ерек сыр шертер.
Сыпайыға сыр айтсаң,
Ақырын ғана бүлк етер.
Қызықты шақты қыздырған.
Арам болған жиырма бес,
 
2

Асау-талқан бұздырған.
Қызды ауылды көргенде,
Бұландатқан жиырма бес.
Төскейде жортқан түлкідей
СьГлаң қаққан жиырма бес.
Арқырата кісінетіп,
Айғыр мінген жиырма бес.
Күрек тісін қасқитып,
Сұлуды құшқан жиырма бес.
Бұлбұл боп ұшты көзімнен,
Іздесем де табылмас.
Өкінтіп өткен оңдырмай,
Ойымдасың, жиырма бес!

 

 

 

 

 

 

 

 
 

Ақтың үйі Мешінде

1
Ақтың үйі Мешінде,
Аққа Құдай кешімді.
Арамзаның қулығы
Таппайды еш кесімді.
Алла жақтаған зар болмас,
Ақтың жолы тар болмас.
Тар пейілді кеңімес,
Кең пейілді кемімес.
Илаһим Халел жасаған
Тэңірім үйі Кебені.
Ерлер үшін жасаған
Садақ, сауыт, жебені.
Сол себепті, жарандар...











 

 
 

Қалданменен ұрысып

1
Қалданменен ұрысып,
Жеті күндей жүрісіп,
Абылайдың қасында
Бастарын бай тігісіп,
Сондай ауыр жорықта.
Қандыжаппен соғыста
Бірге болған батырлар
Мыналар сді егесіп:
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Беті қайтпас арыстар,
Шақшақ ұлы Жәнібек,
Серкеқара Тілеуке,
Қарақалпақ Құлащбек,
Тігіден шыққан Ертерек,
Шапырашты Наурызбай,
Құдаменде Жібекбай қасында,
Бақ-дәулеті басында.
Сеңгібай мен Шүйбекбай,
Таңсыққожа Мамыт бар,
Қасқара ұлы Молдабай,
Қатардан жақсы қалдырмай,
Айнақұл, Батый ішінде.
Өңкей батырды жиысты,
Абылай салды жарлықты.
 
 

Асқар ата іспетті

1
Асқар ата іспетті,
Ел жайлауынан көшкен жұрт.
Зар илеп баспай өксікті
Ауыр күнді кешкен жұрт.
Ақтың жолын күзетпей,
Жамандықты тұтқан жұрт.
Сабыр етпей сандалып,
Сайда көшіп жортқан жұрт.
Өз ағасын сыйламай,
Өзгенің соңынан ерген жұрт.
Ханына тізгін бермеген,
Орысқа ырғын болған жұрт.
Ханның ойын білмеген,
Жауынан таланып қалған жұрт.
Қиюы кетіп сенделген,
Тоз-тоз болған біздің жұрт.
Ақ табан болып шұбырған,
Ата қонысынан ауған жұрт.
Бір ауызды болмаған,
Тозуды тосқан біздің жұрт.
Бұқарды мұнша жылатқан,
Сайғақтай саясыз біздің жұрт.
Ссндер үшін толғатқам,
Өзіңнен өзің безбе, жұрт!

 

 
 

Ханға жауап айтпасам

1
Ханға жауап айтпасам,
Ханның көңілі қайтады.
Қандыра жауап айтпасам,
Халқым не деп айтады?
Хан Абылай, Абылай,
Қайғылы мұндай хабарды
Сұрамасаң не етеді?
Сұраған соң айтпасам,
Кісілігім кетеді.
Енді айтайын тыңдасаң,
Маған қаһар қылма сен.
Қарағай судан қашықтап,
Шөлге біткен бір дарақ.
Шортан шөлге шыдамсыз
Балықтан шыққан бір қарақ.
Ойлама шортан ұшпас деп,
Қарағайға шықпас деп.
Күнбатыстан бір дұшпан,
Ақыр да шығар сол тұстан.
Өзі сары, көзі көк,
Діндарының аты боп.
Күншығысқа қарайды,
Шашын ылғи тарайды.
Құдайды білер діні жоқ,
Жамандыққа міні жоқ.
 
2
Осы сынды бір кәпір,
Аузы-басы жүн кәпір.
Жаяулап келер жұртыңа,
Жағалы шекпен кигізіп,
Балды май жағар мүртыңа.
Жемірлерге жем беріп,
Ел қамын айтқан жақсыны
Сөйлетпей ұрар ұртына.
Бауыздамай ішер қаныңды,
Өлтірмей алар жаныңды.
Қағазға жазар малыңды.
Есепке салар барыңды.
Еліңді алар қолыңнан,
Әскер қылар ұлыңнан.
Бұл айтқаным, Абылай,
Болмай қоймас артыңнан.
Тексізді төрге шығарып,
Істетер сұмдықты ұйғарып.
Асан сөзі осылай,
Бүгін үшін аһ ұрған.
Жауабыма қандың ба,
Естіп болып қартыңнан!
 
 

 

Күпшек санды күренді

1
Күпшек санды күренді,
Табиғатына жаратқан.
Қырық сан қара қалмақты
Жарлығына жаратқан.
Айбалтасын алтынмен булатқан,
Еңсесі биік ақ орда
Салтанатқа орнатқан.
Болаттан шеге соқтырып,
Шаңырағын торлатқан.
Үшбу барлық бектерін
Мәслихатқа топтатқан.
Зәмзәм суын мыс табаққа толтыртқан,
Қазығын ақ күмістен қақтыртқан.
Көшсе қырық ер арта алмас,
Тоқпағын сом алтыннан соқтырған.
Нақыра күміс шаптырып,
Былғарысына піштіріп,
Шыныаяқпен іштірген.
Орындығын оймыштап,
Ою-нақыш салдырған.
Сандығын сары алтынға малдырған.
Көшсе қырық түйе арта алмас,
Қырық өгіз тарта алмас,
Қызылаяқ мал жиып,
Қалжасын да алдырған.
 
2

Алған шығын арқалап,
Бетіне бедер қамқа салдырған.
Туырлығы қаракіс,
Төгілгең бір түндігін
Шұғадан ұстатқан.
Байтағың байып, мал беріп,
Жапырақты жерге қыстатқан.
Ғаділдігің Наушаруанға беткерген,
Жомарттығың Ғатымтай жомартты өткерген.
Күн мейман кузетіп,
Кесе толтырып ет берген.
Имандының ісіне қарай бет берген.
Бір Құдайдың дидарын
Сен көрмесен, кім көрер?

 

 

 

 

 

 

 
 

Бұқарекең біз келдік

1
Бұқарекең біз келдік,
Ақан, Төбек байларға,
Бесті берсең семіз бер,
Жаздай мінер жайлауға.
Бермеймін деп атама,
Асауынды матама.
Шылбырынан бір тартсам,
Шамырқанып шамданып,
Шалқасынан жата ма?
Алпыстағы Бұқардың
Сілесі құрып қата ма?
Құлдарың мен күңдерің
Мерекеге бата ма?
Келіп едім өзіңе,
Түнеугі айтқан сөзіңе.
Тіпті разы болмаймын,
Керегенің басындағы
Екі қара бөзіңе.
Бермей қалсаң осы жол,
Жолықпан деп ойлама,
Жортуылшының тезіне!

 

 

 
 

Әкелі бала жаужүрек

1
Әкелі бала жаужүрек,
Әқесіз бала сужүрек.
Жиын болса бара алмас,
Барғанмен орын ала алмас.
Екі көзі жаудырап,
Тұлымшағы салбырап,
Күнінде соның
Не болғанын біле алмас,
Шайнағаным күмән-ді.
Әкелі бала жаужүрек,
Жиын болса барады,
Барса орын алады.
Бітірер сенің дауыңды,
Қайтарар қаскөй жауыңды,
Күнінде тастан өтер жебесі.

 

 

 

 

 

 

 
 

Ханымыз отыр аһ ұрып

1
Ханымыз отыр аһ ұрып,
Халқымыз отыр бас ұрып.
Сабаны әкел ордаға,
Құранды оқыт молдаға.
Ханның сөзі түзік деп,
Орынсыз әмір жолдама.
Бұрынғы өткен бәрі өлді,
Қарсы болма Аллаға.
Төле, Қазыбек кісіміз,
Жақсы-жаман кішіміз,
Бұл сөзіме түсіңіз,
Дәміңізді ішіңіз,
Риза болсаң Құдайға
Түзелер сонда ісіңіз.










 
 

Қарт белдерім үзіліп

1
Қарт белдерім үзіліп,
Кемсеңдедім егіліп,
Есіме түсіп баяғым.
Жалыным өшіп сөнгенде,
Тоқсанға жасым келгенде,
Басуға келмес аяғым.
Арқам күнге күйгенде,
Табаным жерге тигенде,
Ырғайдан алған таяғым.
Айналайын, Қабанбай,
Кіретін жауға тайсалмай,
Жау келгенде жарағым.
Асқынып елге дау келсе,
Түрулі еді құлағың.
Баса көктеп жау келсе,
Басындырмас пырағым.
Мың жылқыны суарған,
Төскейдегі бұлағым.
Бүгін түсте естідім,
"Қабанбай ауру" дегенді.
Қ ұ л а з ы п көңлім қобалжып,
Жетімсіреп жыладым.
Арғыннан айттым жүз кісі,
Найманнан айттым жұз кісі,
Үйсіннен айттым жүз кісі,

 
2

Үш жүз кісі болар ма?
Айналайын, Қабанбай,
Қ ұ р б а н ы ң а атағам,
Қара мойын бір лағың.
Бұл дүниенің қарты едің,
Әулиенің арты едің,
Батырлардың мәрті едің,
Айналайын, Қабанбай,
Қайда болар тұрағың?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 

Фотомұрағат

Асыл тегі