Іздеу

Бейне

Бейне1

Бұқар жырау

Көкте бұлт сөгілсе,

Көктеп болмас не пайда?

Көкіректен жан шықса,

Қайтып келмес не пайда?

Қыздық қылық болмаса,

Құр шырайдан не пайда?

Бұқар жырау - қазақ халқының арман-тілегін, елдік ынтымақ-бірлігін көксеген жырау, кемел кемеңгер, терең ойшыл. 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Шыққан тегі – Арғын тайпасының Қаржас руынан. Әкесі Қалқаман өз кезеңінде еліне батырлығымен белгілі болған, аты аңызға айналған тұлға. Бұқар жыраудың сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөздер төгіледі екен. Осыған қарап, заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деп атаған. Жыраудың бізге жеткен азды-көпті мұрасын табиғи сипаты жағынан насихат толғау, арнау толғау, болжау толғау деп үш топқа бөлуге болады. Оның ойы – аспаннан биік, сезімі - теңізден терең. Ол қарсылық күресі, текетірес құбылысы көп дүниеден тиянақ табуға баулиды. Басу айтып, сабаңа түсіреді. Аласұрған көңіл, арпалысқан сезімді ауыздықтаудың сиқырын, сырын жеткізеді. Пенделіктен жоғары тұрар қасиеттерді сақта дейді. Жыраудың толғаулары дүние шартын тізбелеген нақыл, афоризм көмбесі. Бұқар жыраудың адамды игілікке, әділдікке, ізгілікке тәрбиелейтін нақылға толы толғаулары – оның ұрпағына қалдырған асыл қазынасы.

Әлемді түгел көрсе де,

Алтын үйге кірсе де,

Аспанда жұлдыз аралап,

Ай нұрын ұстап мінсе де –

Қызыққа тоймас адамзат!

http://caspionet.kz/kaz/makalmaiek/archive/Bukar_zhirau_1336574960.html

Бейне2

Павлодардағы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайына 20 жыл

Ертіс өңіріндегі Бұхар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы осыдан 20 жыл бұрын 22 наурызда өз келушілеріне есігін айқара ашқан болатын.


1992 жылы мәдниет ошағында санаулы ғана жәдігерлер болса, қазір қорда көрнекті мәдениет қайраткерлерінің 45 мыңнан аса құнды қолжазбасы, кітаптары мен жеке заттары сақталған. Мұражай ғимараты Қазақстанның ағаштан жасалған ең әсем ғимараты деп танылған. 18 ғасырдың ойшылы, атақты Абылай ханның кеңесшісі болған Бұхар жыраудың атымен аталған мұражайдың Ұлыстың ұлы күні ашылғанының өзі үлкен мағынаға ие, - дейді мұражай қызметкерлері. Бірін бірі толықтырып тұрған екі ұғым мұражайдың да салмағын арттырып тұрғандай. Мұражай қызметкерлерінің бірі Алмас өзінің бұл жерге оқушы кезінде келгенін айтады. Ол атақты адамдардың музыкалық аспаптарында ойнауды армандаған. Қазір Кәукен Кенжетаевтың жеке домбырасын баға жетпес жәдігер санайды. Драматург Жүсіпбек Аймауытов, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров, әнші Майра Шамсутдинова, жауынгер-жазушылар Всеволод Иванов пен Мұзафар Әлімбаев. Бұл тізімді үздіксіз жалғастыра беруге болады. Құнды мәліметтер жинау үшін мұражай қызметкерлері жиі жиі іссапарға шығып тұрады. Көршілес Ресей жеріне барған кездер де болған. Осындай сапарларда тапқан материалдар әдебиетшілер Қадыр Тайшықов пен Қошмұхамбет Кемеңгеровтың атын жалпыға танытты. Екі қаламгер де репрессия жылдары атылып кеткен. Ал олардың еңбектері ұмытылып қалған. Баянауыл өлкесінің мәдени өмірінен сыр шертетін мұражайдың жәдігерлері қайта қалпына келтіруді қажет етеді, - дейді, өнертанушылар. Келер ұрпаққа да қызмет ететін мәдени мұраны көздің қарашығындай сақтау әр азаматтың борышы болса керек.



http://caspionet.kz/kaz/general/Pavlodardagi_Bukar_zhirau_atindagi_adebiet_zhane_oner_murazhajina_20_zhil.html

Фотомұрағат

Асыл тегі